1948 жылы 25-ші наурызда Семей қаласында дүниеге келген. Ауған соғысының ардагері, әнші, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі (1984). 1971 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік өнер институтын бітірген. 1978 – 1995 жылдары КСРО МКК Шығыс шекара округ ән-би ансамблінің хор тобының әншісі болып, 1982 – 1986 жылдары Кеңес әскерінің Ағганстандағы шектеулі контингенті құрамында жауынгерлер алдында өнер көрсетті.
1995 – 1999 жылдары ҚР ҰҚК Шекара қызметі ән-би ансамблінің әншісі, 1996 – 2000 жылдары Тәжікстан Республикасындағы шекара әскерлерінің алдында ансамбль құрамында өнер көрсетті. 1999 жылдан ән-би ансамблінің вокальды тобынын бас хормейстері. Жаңбырбаев. шекара қызметінің жекелеген заставаларында ансамбльдің кіші құрамында өнер көрсете отырып, шекараның, биік таулы аймақтардың барлық қиыншылықтарына төзіп, концерттік бағдарламаның ауқымды бөлігін өз мойына алды. Ансамбльдің таулы заставалар мен шекара аудандарына конуерт қоюға мүмкіндік алуына, эстрадалық бригаданың құрылуына зор еңбек сіңірді. «Шекараны үздік күзеткені үшін» т.б медальдармен мараппатталған. 2004 жылы Сочи қаласында өткен әскери әндердің 7-фестивалінің лауреаты атанған.
Әдебиеттер:
Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік
Словарь» ЖШС, 2009. – 188 б.