1966 жылы  28 мамыр айында Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Мақаншы аулында дүниеге келген. 1984 жылы 22 –ші  қазанда КСРО Қарулы Күштері қатарына  Мақаншы ауандық әскери комиссариатынан шақырылады. 1985-87 жылдары  Кеңес әскерінің Ауғанстандағы  шектеулі контингенті құрамында №39696 әскери бөлімінде  әскери борышын өтеді.

1987-93 жылдары  Мақаншы  ауданының  «Арқарлы» кеңшарында  жұмысшы, 1993-97 жылдары  Мақаншы автобазасында слесарь болып  еңбек етті. 1998 жаздан №2086 әскери бөлімінде  қызметте болады. Бірнеше медальдармен марапатталған. 

                                                             Әдебиеттер тізімі:

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 193 б.