1957 жылы  Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Аягөз ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. 1978 жылы Қарағанды қаласындағы  Қазтұтынудағы  экономикалық университетін бітірген.1978-80 жылдары  Кеңес әскерінің Ауғанстандағы  шектеулі  контингенті құрамында  әскери борышын  өтеді. Қазір Жарма  ауданы, Қалбатау ауылында жұмыс істейді. Шығыс Қазақстан  облысы, Жарма ауданында қоғамдық  бірлестігі кеңесінің мүшесі.

Ауған соғысы ардагері  ретінде  аудан көлемінде  ауған соғысы ардагерлерінің  әлеуметтік, материалдық және  құқықтық мәселелерін шешуге, сонымен қатар  жас ұрпақты патриоттық  рухта тәрбиелеуге ат салысуда.  «Интернационалист жауынгерге ауған халқы атынан»,  «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл», «Ауғанстаннан  Кеңес әскерінің  шығарылғанына 15 жыл» тб. медальдармен марапатталған. 

Әдебиеттер:

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС,2009.-200 б.