1965 жылы 3-ші наурызда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Жарма ауданы, Ақжал ауылында туған. КСРО Қарулы Күштері қатарына Жарма аудандық әскери комиссариатынан  шақырылған. Әскери борышын Кеңес әскерінің  Ауғанстандағы шектеулі  контингенті құрамында өтеді. Қазір Жарма ауданы Жаңаөзен ауылында тұрады. «Алель» фирмасында жұмыс істейді. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданында ауған соғысы ардагерлері қоғамдық бірлестігі кеңесінің мүшесі.

Ауған соғысы ардагері  ретінде  аудан көлемінде  ауған соғысы  ардагерлерінің  әлеуметтік, материалдық және құқықтық мәселелерін шешуге, сонымен  қатар жас ұрпақты  патриоттық рухта  тәрбиелеуге белсене қатысады. «Аға шекарашы»,  2-дәрежелі  «Шекара әскер үздігі» медальдарымен марапатталған.

Әдебиеттер:

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 197 б.