1960 жылы Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Жарма ауданында туған. Ауған соғысының ардагері, запастағы жауынгер. 1982 жылы Қазақ Спорт және туризм академиясын бітірген.1983 жылы  КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылған.1983-84 жылдары  Кеңес әскерінің Ауғанстандағы  шектеулі  контингенті құрамында болды. Қазір  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық  университеті  «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады.

«Ерлігі үшін». «Интернационалист жауынгерге ауған халқы атынан», «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл» медальдарымен және «Интернационалист жауынгерге» төс белгісімен марапатталған.

Әдебиеттер:

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып.-Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 198 б.