1962 жылы 29 желтоқсанда  Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Көкпекті ауданында, Белое аулында туған. Әскерге дейін  Қарғалы  шұға комбинатында  жұмыс істеген. КСРО Қарулы Күштері қатарына  Алматы облысы, Жамбыл  ауданынан  шақырылады. Ауғанстандағы соғыс қимылдарына 1981 жылы  тамыз айынан бастап  қатысты. Бірнеше рет автокөлік легі құрамында  жүктерді жеткізуге қатысқан.  Бірнеше рет автокөлік легі құрамында  жүктерді жеткізуге қатысқан.

1982 жылы 4 ақпанда жауынгерлік тапсырманы  орындау барысында  алған жарақаттан қайтыс болған. Ерлігі үшін  Қызыл жұлдыз (қаза тапқаннан кейін) орденімен марапатталған. Алматы облысының  Жамбыл ауданындағы  Фабричный ауылында жерленген. Ауылдағы №2 орта мектепте Естелік бұрышы ашылған.

                                                            Әдебиеттер:

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 210 б.