1967 жылы 15-ші желтоқсанда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Үржар  ауданы, Аксаков ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Семей топография  техникумын,1982 жылы Алматы жоғарғы жалпы командалық әскери училищесін, 2004 жылы ҚР Қарулы  Күштері  Әскери  академиясын бітірген. КСРО Қарулы Күштері қатарына  Семей қаласы әскери комиссариатынан  шақырылған. 1987-1989 жылы  Кеңес әскерінің  ауғанстандағы шектеулі контигенті құрамында болды.

1992-2002 жылы ҚР гвардия қатарында жедел взвод командирі, рота командирі, әскери дайындықтар жөніндегі полк штабы бастығының көмекшісі, Республикалық гвардияны қамтамасыз ету және қызмет көрсету жеке батальонының штабының бастығының орынбасары, Республика гвардия полкі арнайы мақсаттағы батальонының командирі қызметтерін атқарды. 2004 жылдан ҚР  гвардия  Орталық аппаратының   аға  офицері.

Батальонының командирі, Республика гвардия тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі полк командирінің  орынбасары қызметін атқарады. «Жауынгерлік ерлігі үшін», 2-,3 дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін»,1-2-дәрежелі «Республикалық гвардиядағы үздік қызметі үшін», « КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл», «Интернационалист жауынгерге ауған халқы атынан», «Ұрыс әрекеттерінің ардагеріне», «Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығарылғанына 20 жыл» медальдарымен марапатталған.

                                                       Әдебиеттер:

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 242 б.