55

1967 жылы 28 мамырда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Үржар ауданы, Южный (қазіргі Жаңа Тілек) кентінде дүниеге келген. Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы «Заводстрой» трестінде экскаваторшы болып еңбек етеді. 1985 жылы 13 қарашада Теміртау қалалық әскери комиссариатымен КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.  Кеңес-ауған соғысына 1986 жылы қаңтар айынан бастап қатысты. 1987 жылы 14 сәуірде жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты.  Үржар ауылында жерленген.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының  Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).    

Әдебиеттер:

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 248 б.