1960 жылы 1-ші қаңтарда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Үржар ауданында туған. КСРО Қарулы Күштері қатарына 1978 жылы  мамыр айында Семей облысы, Мақаншы  аудандық әскери комиссариатынан  шақырылған.

1979-80 жылдары  Кеңес әскерінің  Ауғанстандағы шектеулі  контингенті құрамында №77800 әскери бөлімде  жаяу әскердің  ұрыс машинасының  (БМП) механик-жүргізушісі болды. Бірнеше медальдармен марапатталған.  1985-1988 жылдары  Мақаншы аудандық мал дәрігерлік зертхананың жүргізушісі  болып еңбек етті. 2003 жылдан №2086 әскери бөлімде қызметкер.

Әдебиеттер:

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 261 б.