33

1965 жылы 28 мамырда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Аягөз ауданы, Шинжу ауылында дүниеге келген.

Орта мектепті бітіріп, «Нарын» кеңшарында тракторшы болып еңбек етеді. 1983 жылы. 23 қазанда Аягөз аудандық әскери комиссариатымен        КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады. 1984 жылы сәуір айында Ауғанстанға жіберіледі. Қозғалысты қамтамасыз ету отрядының  құрамында қызмет атқарып, саперлер тобымен бірнеше рет жолдарды миналардан тазартуға қатысты.  1985 жылы 8 маусымда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты.  «Нарын» кеңшарында жерленген.

1985 жылы 25 қазандағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының  Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).

Әдебиеттер:

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 262 б.