322

1965 жылы 23 қаңтарда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Жаңасамей

(қазіргі Бородулиха) ауданы,  Сарапан ауылында дүниеге келген. №30 Семей кәсіптік-техникалық училищесінде оқиды.  1983 жылы 16 мамырда Семей қаласындағы Киров аудандық әскери комиссариатымен КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.

1983 жылы шілде айында Ауғанстанға жіберіледі. Ұрыс жүргізетін бөлімдерге әскери жүктерді жеткізіп беруге тырысты. 1984 жылы 1 маусымда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты.  Сарапан ауылында жерленген.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының  Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).    

Әдебиеттер:

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 282 б.