54

1964 жылы 28 маусымда Семей қаласында дүниеге келген. №5 орта мектепті бітірген соң, М.И.Калинин атындағы Семей етконсерві комбинатында еңбек етеді.  1982 жылы 13 қарашада Калинин аудандық әскери комиссариатымен КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады. Қатардағы жауынгер, жаяу әскер ұрыс машинасының нысанашы-операторы.  1983 жылы ақпанда Ауғанстанға жіберіледі.

1983 жылы 17 мамырда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Семей қаласында жерленген.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының  Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).    

Әдебиеттер:

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 287 б.