1961 жылы  Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы Қарауыл ауылында туған. ҚР ҰҚК Шекара қызметі әскери бөлімінің  командирі, подполковник. 1986 Семей Автомеханика техникумын, ҚР ҰҚК-ның Әскери институтын (1996), Өскемен қаласындағы  Шығыс Қазақстан  Техникалық университетінің экономика факультетін (2003) жылы бітірген. КСРО Қарулы Күштері қатарына 1988 жылы тамыз  айында  шақырылған.

1988 жылы  тамыз айынан 1989 жылы ақпан айына дейін  Ауғанстандағы әскери бөлімде прапорщик  шенімен  саперлер взводының  аға технигі болып әскери борышын өтеген. Медальдармен марапатталған. Ауғанстаннан елге оралғаннан кейін шекаралық әскери бөлімдерінде  әр алуан жауапты қызметтер атқарды.

2007 жылдан бері Жалғызтөбе кентінде орналасқан әскери бөлімінің командирі болып қызмет етіп келеді.

Әдебиеттер тізімі:

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 295 б.