12

1962 жылы 17 қазанда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Бородулиха ауданы, Сарбаз ауылында дүниеге келген. Коростели орта мектебінде оқиды. «Коростелевский» кеңшарында еңбек жолын бастайды.

1980 жылы 31 қазанда Бородулиха аудандық әскери комиссариатымен КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады. 1981 жылы желтоқсан айында Ауғанстанға жіберіледі. 1982 жылы 26 тамызда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты.

Бородулиха ауданы, Коростели селосында жерленген. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының  Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).

Әдебиеттер:

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 320 б.