4

1963 жылы 12 қаңтарда Семей қаласында дүниеге келген. № 33 орта мектепті бітіріп, асбестцемент бұйымдарын жасайтын шифер зауытында еңбек етеді. 1981 жылы 11 қарашада Семей қаласындағы Калинин аудандық әскери комиссариатымен КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады. 1981 жылы қараша айында Ауғанстанға жіберіледі.

1982 жылы 3 сәуірде жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Семей қаласында жерленген. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының  Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).

Әдебиеттер:

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық/ Бас ред. Б.Ө. Жақып.-Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС,2009.-322 б.