55

1961 жылы  1 мамырда Семей  (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Абай ауданы, Күлмен ауылында дүниеге келген. Әуезов атындағы ұжымшарда еңбек етеді.

1980 жылы 25 сәуірде Абай аудандық әскери комиссариатымен КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады. 1981 жылы қаңтар айында Ауғанстанға жіберіледі. 1981 жылы 25 сәуірде жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты.

Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылында жерленген. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының  Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).

Әдебиеттер: 

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 338 б.