1964 жылы 17-ші шілде Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Үржар ауданы,  Благодарное ауылында дүниеге келді. КСРО Қарулы Күштері қатарына ШҚО  Мақаншы  аудандық әскери комиссариатымен шақырылады. 1982-84 жылдары  Кеңес әскерінің  Ауғанстандағы  шектеулі контигенті  құрамында № 9820 әскери бөлімде жүргізуші болды. Семей құрылыс техникумын бітірген.

1993 жылдан  № 2086 әскери бөлімде  әскери қызметкер. «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл», «Интернационалист жауынгерге ауған халқы атынан», «Кеңес әскерінің АДР-дан  шығарылғанына  15 жыл»,  «Кеңес әскерінің АДР-дан  шығарылғанына  20 жыл» т.б, медальдармен марапатталған

Әдебиеттер:

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 345 б.