21

1964 жылы 22 желтоқсанда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Үржар ауданы,  Сегізбай ауылында дүниеге келді. «Тасбұлақ» кеңшарында еңбек етеді. 1983 жылы 30 сәуірде Аягөз аудандық әскери комиссариатымен КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.

1984 жылы  наурыз айында Ауғанстанға жіберіледі.

1984 жылы 13 қыркүйекте Пишогор  шатқалында  болған ұрыста қарсыластардың бірнеше атыс орнын жойып, жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты.  Сегізбай ауылында жерленген, ауылда көшеге есімі берілген. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының  Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).  

Әдебиеттер:

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 346 б.