1962 жылы 13 қараша Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Аягөз қаласында туған. КСРО Қарулы Күштері қатарына 1981 жылы шақырылған. 1981-1983 жылдары Кеңес-ауған соғысында 177-жеке арнайы тағайындалған жасақтың құрамында, Б. Керімбаевтың басшылығымен, Маймене, Руха, Гульбахорда пулеметші, мерген, топ командирінің орынбасары болып әскери борышын өтеді. Көптеген жауынгерлік операцияларға қатысып, ерлігімен, батылдығымен көзге түсті. «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін» т.б медальдармен марапатталған. Әскерден кейін ұзақ уақыт дәнекерлеуші болып жұмыс істеді.
1986 жылдан Алматы қаласы, Әуезов ауданындағы Ауған соғысының ардагерлері одағының қоғамдық жұмысына белсенді араласып келеді, 3-топтағы мүгедек.
Әдебиеттер:
Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 363 б.