11

1960 жылы 20 желтоқсан Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Көкпекті ауданы,  Қарағанды көл аулында дүниеге келген. Әскерге алынғанға дейін туған аулындағы кеңшарда жұмыс істеген. КСРО  Қарулы  Күштері қатарына  Көкпекті ауданының әскери комиссариатынан  1981 жылы шақырылған. 1979 жылы желтоқсан айынан  Кеңес әскерінің  ауғанстандағы шектеулі  контингентінде болды.

1980 жылы 6 тамызда  оның барлауға шыққан  танк экипажы  Хасанханкел пунктіндегі  қарсыластардың  үш атыс нүктесін  жойып, ротаның  алға жылжуын  қамтамасыз етті. 1980 жылы 6 тамызда ұрыс кезінде  оның танкісі жарылысқа ұшырап, өзі жарақатттан қаза тапты. Қызыл жұлдыз орденімен марапатталған. (қаза тапқаннан кейін) Туған ауылында жерленген. 

Әдебиеттер: 

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 368 б.