1962 жылы  10 қаңтарда  Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы,  Аягөз қаласында дүниеге келген. 1981 жылы  Семей Құрылыс  техникумын  бітірді. 1981-1983 жылы  Ауғанстанда әскери борышын өтеді. 1992 жылы     Алматы Автокөлік жол институтын бітіріп, Талдықорған қаласында, кейіннен  «Казавтотрансигналына» қарасты  құрылым тресінде  қызмет істеді. 1995 жылы  қатардағы әскери қызметке шақырылып, Талдықорған қаласына шақырылып, Талдықорған  қаласының әскери комиссариаты бөлім бастығының көмекшісі, 2002-03 жылдары  әскери комиссарының  орынбасары, 2003 жылы  Алматы әскери комиссарының  орынбасары болды.

2006 жылдан Алматы облысы  Қорғау ісі  департаментінің  1-орынбасары, жұмылдыру басқармасының бастығы. 

                                                         Әдебиеттер:

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 371 б.