1966 жылы Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы,  Жарма ауданы, Кентарлау  ауылында туған. КСРО Қарулы Күштері қатарына  Шығыс Қазақстан облысы,  Жарма ауданы әскери комиссариатынан шақырылды. Әскери борышын  Кеңес әскерінің  Ауғанстандағы  шектеулі контигенті құрамында өтеді.  Қазір Жарма ауданы Қалбатау ауылында  тұрады. «Жас қанат» шаруа қожалығын басқарады.

Шығыс Қазақстан облысы,  Жарма ауданы, Ауған соғысы ардагерлері қоғамдық бірлестігі кеңесінің  мүшесі. Аудан көлемінде ауған соғысы  ардагерлерінің  әлеуметтік, материалдық және құқықтық  мәселелерін шешуге, сонымен қатар жас ұрпақты патриоттық рухта  тәрбиелеуге  ат салысуда.

КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл», «Ауғанстан  Кеңес әскерінің шығарылғанына 15 жыл» т.б медальдарымен  марапатталған.

                                                                 Әдебиеттер: 

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып.-Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 371 б.