22

1969 жылы 14 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы  Семей қаласының әкімшілігіне қарасты Шаған кентінде дүниеге келген. 1987 жылы 15 мамырда Семей қаласындағы Киров аудандық әскери  комиссариатымен КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.

1987 жылы  тамыз айынан Кеңес әскерінің Ауғанстандағы шектеулі  контингентінде  болды. 1987 жылы 20 желтоқсанда  Пактия уәлаятының  Баранқалай  мекенінде болған ұрыста  тапқырлықпен қимылдар, қарсыластардың мергенін саптап шығарды да, алға жылжу кезінде жараланып қаза тапты. Қызыл Жұлыз  орденімен  марапатталған. (қаза тапқаннан кейін. Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы, Бөдене ауылында жерленген. 

Әдебиеттер: 

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 387 б.