2

1963 жылы 11 наурызда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Жарма ауданы, Үшбиік ауылында дүниеге келген. Тракторшы болып еңбек етеді.

1981 жылы 4 сәуірде  Жарма аудандық әскери  комиссариатымен КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады. 1981 жылы маусым айында Ауғанстанға жіберіледі.  1981 жылы 28 қыркүйекте  жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты.  Жарма ауданы,Малай  ауылында жерленген.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының  Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).

                                                            Әдебиеттер: 

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 391 б.