1

1963 жылы 1 ақпанда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Мақаншы (қазіргі Үржар) ауданы, Аксаковка (қазіргі Көлденең) селосында дүниеге келген. Мектептен кейін Аягөздегі жүргізушілер даярлайтын курсты аяқтайды. 1981 жылы 7 сәуірде Үржар аудандық әскери комиссариатымен  КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.

1981 жылы шілде айында Ауғанстанға жіберіледі. 1982 жылы 28 наурызда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты.

Көлденең ауылында жерленген. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының  Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).

 

Әдебиеттер: 

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 424 б.