1

1962 жылы 26 қарашада Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Көкпекті ауылында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы орта мектепте оқиды. №26 Больше-Букен кәсіптік-техникалық училищесін бітіреді. 1980 жылы 2 желтоқсанда Көкпекті аудандық әскери комиссариатымен КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.

1981 жылы тамыз айында Ауғанстанға жіберіледі. 1982 жылы 30 наурызда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты.  Көкпекті ауылында жерленген.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының  Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).

                                                            Әдебиеттер: 

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 442 б.