55

1966 жылы 9 шілдеде Ресей, Омск қаласында дүниеге келген. Семей қаласындағы 21-біріккен экспедицияда жұмыс істейді. 1984 жылы 20 қазанда Омск қаласындағы Совет аудандық әскери комиссариатымен КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.  1985 жылы ақпан айында Ауғанстанға жіберіледі. 1985 жылы 28 тамызда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Семей қаласында жерленген.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының  Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).

Әдебиеттер: 

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 467 б.