10  қаңтар – Әнші, сазгер,  Қазақстанның еңбек   сіңірген әртісі  Болат Сыбановтың туғанына 80 жыл (1938-1998)

02Әнші, сазгер Болат Сыбанов Жаңасемей ауданы, Изатолла ауылында туған. 1957 жылы Семей облыстық музыкалық драма театрына қызметке алынып, көптеген ірілі-ұсақты рольдерді сомдады.  Б. Сыбановтың сазгер ретінде халыққа кең тараған «Таң самалым», «Жан ана», «Әке туралы», «Отан туралы», «Жауынгер сағынышы» атты әндері халықтың сүйіп орындайтын әндері. Кейіннен  тіл туралы, достық, туыстық, ел бірлігі туралы әндер шығарған.

Сазгердің 30-ға жуық әндері шабытты көңілден туған шынайы әндер еді. Оның орындауындағы Б. Тәжібаевтың “Ақбұлағы” күнде радиодан орындалып жататын. Республика ән әуесқойларының назарына ілігіп, астанадағы үлкен концерттерге қатыса бастады. Оның дауысын байқаған атақты әнші Ғ.Құрманғалиев: “Өзіңнің дауысың ешкімге ұқсамайды екен. Әншіге таптырмайтын ең басты қасиет”- деп бағалаған болатын. Болат әр концерттен олжалы оралып, ән тарландарынан тиісті бағасын алып жатты.

Болат Сыбановтың орындауындағы қазақ қауымына кең тарап кеткен «Жұлдызым» әншінің ән табиғатындағы көңіл кернеуін, үн деңгейін, тербеліс ырғағын сәтті сезінгендігін және өзіне лайық әнді талғап алар қабілетті белгісін білдірсе керек. Сонымен қатар «Таң самалы» да сазгердің елеулі табысы.

Музыка мәдениетін танытуда сіңірген зор еңбегі үшін 1987 жылы “Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі” атағы берілді. Сазгердің әндері Моңғолия, Түркия қазақтарына да таныс. Б.Сыбанов Орта Азия кәсіби әншілері конкурсының лауреаты. Әншінің «Өмірім-өнерім» атты кітабы шықты. Семей өңірінде ғана емес, Қазақстанға танымал белгілі әнші, сазгер Болат Сыбановтың әндерін шет жерде жүрген қандастарымыз да сүйсіне шырқайды.

1990 жылдан бері Семей қаласындағы жалғызбасты зейнеткерлер мен ардагерлерге қызмет көрсететін аумақтық әлеуметтік орталығының рухани демеушісі. 2004 жылы «Хабар» агенттігінің шақыруымен «Алматы – менің бірінші махаббатым» атты VI ретро-фестиваліне қатысып, дипломант атанды.

 

                                                                     Әдебиеттер:

 

  1. Айжарық Болат Сыбановқа  : Өлең / Айжарық // Семей таңы. – 2003. – 16 мамыр. –  С. 16
  2. Ережепұлы Е.Ауданның даму қарқыны // Семей таңы. – 2013. – 26 ақпан. – Б.5
  3. Ибрагимов Т. Домбыралы ән // Толқын толғау.-Алматы: Өнер, 2011. – 311-315б.
  4. Иманбаева А. Сағынды елің үніңді // Мәдениет. – 2011. – №4. –  С. 32-33
  5. Кәкімұлы , Қадырбек (Қаз.Журн.О.М.). Аққұдықтан “Ақбұлаққа” дейін…  : болат сыбанов – 75 / Кәкімұлы  Қ. // Семей таңы . – 2012. – 17 сәуір. –  С. 5_
  6. Кәкімұлы Қ. Аққұдықтан “Ақбұлаққа” дейін…: Болат Сыбанов – 75 // Семей таңы . – 2012. – 17 сәуір. – 5 б7
  7. Кеңесбай, Т.   Әкесінің қанаты  / Т. Кеңесбай // Ертіс өңірі. – 2014. – 19 ақпан. – Б. 12_
  8. Мұхаметқалиқызы , Алмахан.           Тума талант / А. Мұхаметқалиқызы  // Семей таңы  . – 1999. – 29 сәуір. – Б. 4_
  9. Мұхаметқалиқызы А. Тума талант // Семей таңы . – 1999. – 29 сәуір. – Б. 4
  10. Райыс, Күлия. Семейін “Таң самалымен” тербеген  : болат Сыбанов тірі болса 80 жасқа толар еді / К. Райыс // Ертіс өңірі . – 2018. – 17 қаңтар. – Б. 13
  11. Рахымов Т. Сөнбейтін шамшырақ: (Әнші-сазгерді еске алу) // Үш анық.-1999.-№8 (мамыр)
  12. Сыбанов. Б. «Өнері-менің өмірім». Семей қаласы,2001.-180 б

 

  1. Сейсенов Д. “Әнім -бақытым” // Семей таңы. – 1975. -13 август.
  2. Сейсенұлы Д. Әнші-сазгерді еске алды // Егемен Қазақстан.-1999.-25 мамыр