28-29 сәуір – Семей былғары-мех зауытының іске қосылғанына 90 жыл (1928 ж)

11Семей қаласында 1928 жылы тері зауыты пайдалануға берілді. Былғары комбинаты қайта құрылды. 1936 жылы былғары комбинаты қайта құрылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Совет Армиясының қажеті өтеді. 1950-59 жылдары тері зауыты кеңейтілді. 1964 жылы тері комбинатының құрамына № 1 филиалы деп аталатын мех комбинатымен біріктіріліп, Семей былғары-мех өндірістік бірлестігі деп аталды. 1983 жылы қой терісінен жасалатын өндірісі пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта бұрын жабылып қалған өнеркәсіп орындарының ішінде «Семей-тері» былғары комбинатының өнімдері, атап айтқанда – тон бұйымдарын шығара бастады.  Комбинаттың әсем бұйымдары шетелге де шығарыла бастады. Қазіргі уақытта мұнда түрлі үлгідегі бас киімдер мен әскери қызметкерлердің арнаулы киімдері де шығарыла бастады. Бүгінгі күні мұнда жұмыс істейтіндер саны 783 адамға жетіп отыр. Кәсіпорын өндірістік қуатын күн өткен сайын арттыра түсіп келеді.

Әдебиеттер: 

  1. Ахметұлы Т. Біздің шегірен былғары және шетелдік етік: Экономика // Дала мен қала. – 2007. – 6 сәуір. – Б. 10
  2. Әлханова Ш. Былғары-мех жұмыс істей бастады // Семей таңы. – – 28 маусым.
  3. Жанатұлы, Е. Түрік инвесторлары ынта білдірді // Семей таңы. – 2013. – 26 ақпан. – Б. 1
  4. Мұқатай Ж. Түркияның емес, Семейдің тоны // Дидар. – 2001. – 29 желтоқсан
  5. Өз тауар өндірушілерімізді тани білейік // Семей таңы.-2004.-17 қыркүйек.-3 б.
  6. Рахымғалиев Ж. Семей сыйы // Егемен Қазақстан.-2001.-30 мамыр.- 7 б.

Смайлов Е. Спилоктың құны – 250 млрд. тенге // Ертіс өңірі.-2006.-16 тамыз.