Құлжанова Нәзипа – ағартушы, аудармашы, қоғам қайраткері.

2Нәзипа  Сегізбайқызы  1887 жылдың 27 шілдесінде Қостанай облысы, Жанкелді ауданында туып өскен. 1982 жылы  Ленинградтағы Орталық Мемлекеттік архив деректері бойынша Торғай облысындағы бірден-бір оқу орны – Қостанайдағы орыс-қазақ әйелдер прогимназиясының барлық төрт жылдық курсын ойдағыдай бітіріп шыққан (1898-1903).

1903-1904 жылдары Торғайдағы қыздар училищесін ойдағыдай аяқтап, біраз уақыт сол училищеде көмекші мұғалім болып тағайындалады. 1905 –20 жылдары Семей қаласындағы оқытушылар семинариясында ұстаздық еткен.

Қазақ қыздарының арасында тұңғыш рет Географиялық қоғамның мүшесі болған Нәзипа Құлжанова 1914 жылы 26 қаңтар күні  Семей қаласында ұлы Абайдың қайтыс болғанына байланысты он жыл толуына орай әдебиет кешін ұйымдастырып, сол кеште орыс тілінде тамаша баяндама жасап шығады. Ақын Абайдың өлмес даңқының сыр-сипатына терең баға береді. Алғаш рет Абай өлеңдерінің орысша аудармасынан үзінділер оқиды.  Бұл Нәзипаның ең басты тарихи еңбегі болып табылады.

Ол Орыс Географиялық қоғамының мүшесі ретінде қазақ халқының тұрмыс-салт, әдет-ғұрыптарын, ауыз әдебиеті мен фольклорлық шығармаларын зерттеп, оларды кеңінен насихаттаумен айналысты. Нәзипа Құлжанова Семей қаласында оқу-ағартаушылық саласында елеулі еңбектер сіңірді, қазақ баспасөзінде қызмет атқарады. «Қазақ», «Сарыарқа» және «Алаш» газеттеріне әйел мәселесіне байланысты мақалалар жариялайды.

1917 жылы Семей облыстық қазақ съезіне қатысып, оның төралқасы құрамына енеді.            1920 жылы Қырғыз (Қазақ) АКСР Оқу ағарту комиссариатының қазақ тілінде оқулықтар, кітаптар шығару мен баспасөз істері жөніндегі комиссияның белді мүшесі болған. Осы қызметте жүріп, жаңа қазақ әліпбиін енгізу жөніндегі Орталық Комитеттің құрамына мүшелікке енген.   Әлі де еңбек етіп, көлемді туындылар жазбақ болған журналист, ағартушы Нәзипа Құлжанова 1934 жылы Алматы қаласында дүниеден өтеді.

 

           Әдебиеттер:

 

  1. Кәрібжанова Г.А. Нәзипа Құлжанова. – Семей, – 198 б.
  2. Ахметова Л. Нәзипа Құлжанова // Алғашқы қарлығаштар /Құраст. Д.Дәуренбекова. – Алматы: Қазақстан, 1993. – Б.17-29.
  3. Абдуллина, А. Қос қарлығаш [Мәтін] / А. Абдуллина // Абай. – 2016. – № 1. – Б. 68-74.
  4. Балтабаева, З. Қ. Ыбырай Алтынсариннің шәкірттері мен ізбасарлары [Мәтін] : Ы. Алтынсаринның 175 жылдық мерейтойына орай / З. Қ. Балтабаева // Білім. – 2016. – № 3. – Б. 69-82.
  5. Бөлеев, Қ. Ұлт мектептерінің ұлы мұраты [Мәтін] : [Н. Құлжанова туралы] / Қ. Бөлеев, Л. Бөлеева, П. Бөлеева // Қазақстан мектебі. – 2013. – № 8. – Б. 27-31.
    Ерсәлімов Б. Орысша оқыған алғашқы қазақ қызы: [Белгілі қоғам қайраткері, журналист Н. Құлжанова туралы] // Дидар. – 2012. – 27 желтоқсан. – Б. 2
  6. Исабай, Е. Қайраткер қызға құрмет көрсетілді [Мәтін] / Е. Исабай // Семей таңы. – 2012. – 25 желтоқсан. – Б. 2.
  7. Исабаев, Е. Мектепке дейінгі тәрбиенің негізін салған [Мәтін] : Н. Құлжанованың туғанына 125 жыл / Е. Исабаев // Семей таңы. – 2012. – 19 қазан. – Б. 2.
  8. Кәрібжанова, Г. Қазақтың қайраткер қызы [Мәтін] : [Н. Құлжанова туралы] / Г. Кәрібжанова // Егемен Қазақстан. – 2012. – 26 желтоқсан. – Б. 6.
  9. Мағауина , З. Ұстаздықтың алғашқы қарлығашы [мәтін] : Н. Құлжановаға – 125 жыл / З. Мағауина // Семей таңы . – 2012. – 22 мамыр. – Б. 3.
  10. Нұғманбекова, Р. Халық Құлжанованы қашанда қадір тұтады [Мәтін] : [Семей қаласында белгілі журналист, қоғам қайраткері Н. Құлжанованы еске алу кеші өтті] / Р. Нұғманбекова // Дидар. – 2012. – 27 желтоқсан. – Б. 26.
  11. Сәрпеков, Р. Қазақтың мақтанышына айналған ғұламалар Құлжановтардың шәкірті болған [Мәтін] : [Семей қаласында алаш ардагерлері Нәзипа мен Нұрғали Құлжановтарғв арналып ас берілді] / Р. Сәрпеков // Дидар. – 2013. – 4 қаңтар. – Б. 20-21.
  12. Сейсенұлы, Д. Депутат сыйы [Мәтін] : Семейдегі М. Әуезов атындағы педагогикалық колледждің құрылғанына – 110 жыл / Д. Сейсенұлы // Егемен Қазақстан. – 2013. – 7 маусым. – Б. 7.
  13. Садықова, Ә. Нәзипа Құлжанова мен Ахмет Байтұрсынұлы [Мәтін] / Ә. Садықова // Қазақ тарихы. – 2013. – № 4. – Б. 33-34.
  14. Теміров, Б. Алғашқы сахналық қойылым [Мәтін] : [XX ғасырдың басында Семей қаласында өткен алғашқы әдеби кеш туралы] / Б. Теміров // Ертіс өңірі. – 2015. – 11 наурыз; 18 наурыз. – Б. 8.
  15. Хасан, С. Алғашқы журналист қыздар [Мәтін] : [Н. Құлжанова туралы] / С. Хасан // Айқын. – 2016. – 5 тамыз. – Б. 11.