Қазақстандағы ең көне кітапханалардың бірі – Семей қаласындағы Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасы. Мыңдаған оқырмандардың ыстық ықыласына бөленген мәдениет ошағының шаңырақ көтергеніне ғасырдан артық уақыт өтті.

Кітапхана құрылымы:

Кітапты толықтыру және өңдеу бөлімі – кітапхана қорын жаңарту және толықтырумен айналысады.

Ақпараттық-библиографиялық бөлімі – кітапхананың ақпараттық және анықтамалық жұмыстарына жауап береді, пайдаланушылар сұранысы бойынша ақпарат іздейді, өлкетану ақпараттық ресурстарының түрлі санаттағы пайдаланушыларға қолжетімді болуын қамтамасыз етіп, өлкетану білімін жетілдіруді жүзеге асырады, кітапханаға келіп түскен ақпарат көздерін жүйелеп, оларды электронды каталогта көрсетеді,  пайдаланушы тапсырысына сәйкес біздің кітапхана мен өзге кітапханалар қорларынан құжат көшірмелерінің электрондық жеткізілімін жасайды.

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі – кітапхана қорынан құжаттарды тауып беру арқылы ақпараттық сұраныстардың толық қамтылуын қамтамасыз етеді.

Оқу залы, Шетел әдебиеттер бөлімі, Балалар әдебиеттері бөлімі – пайдаланушылардың оқу бағдарламасы, кәсіптік мамандығы, ғылыми тақырыптардағы ақпараттық сұраныстарына қанағаттандыру мақсатымен жедел түрде қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

Кітапхана үрдістерін автоматтандыру бөлімі –  кітапхана-библиографиялық үрдістерінің автоматтандыруы мен ақпараттандыруын және кітапхананың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Интернет орталығы – желіден ақпарат іздеу, ақпараттарды басып шығару немесе сыртқы тасымалдағыштарға сақтау, компьютерлерді немесе семинар жүргізу үшін орталықты толығымен жалға алу/резервтеу, қысқа мерзімді тренингтер, ДК негіздері, Интернет желісі және т.б. бойынша курстар жүргізіледі.

Кітапхананы дамыту бөлімі – облыстың аудан мен ауыл кітапханаларының кітапханалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеріп, пайдалануына көмек көрсетеді; тұрақты түрде кітапхана мәртебесі мен имиджін көтеруді ұйымдастырады және дамытады.

Біздің мекен-жайымыз:

Абай көшесі , 86

Семей қаласы

Шығыс Қазақстан облысы

071400

Телефондары:

қабылдау бөлімі – (7222) 52 04 94

факс – (7222) 52 04 94;

ақпараттық-библиографиялық бөлімі – 52 43 07

автоматтандыру бөлімі – 52 01 44

Веб-сайт: www.semeylib.kz

E-mail: semeybib@yandex.kz

 Кітапхананың жұмыс тәртібі:

Күнделікті 9:00 ден 18:00 ге дейін үзіліссіз

Демалыс күні – дүйсенбі

Әр айдың соңғы жұмасы – тазалық күні

Кітапхана оқырманы болу үшін, Сізден мынадай құжаттар талап етіледі:

жеке басыңызды куәландыратын құжат

бір дана фотосурет
тұрғылықты жеріңізден анықтама
Осы талаптар орындалғаннан кейін, Сіз қалаған бөлімнен оқырман билетін ала аласыз (оқу залдарында анықтама қажет емес).

Оқырман билеті 150 теңге, пайдалану мерзімі 5 жыл.

Кітапхана бөлімдерінің орналасу реті:

I-қабат

Әкімшілік

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі
Оқу залы
Каталогтар залы

II-қабат

Автоматтандыру бөлімі
Кітап қорын толықтыру бөлімі
Кітапхананы дамыту бөлімі 

Балалар әдебиеттері бөлімі

III-қабат
Абайдың рухани орталығы
Ақпараттық библиографиялық бөлім
Шетел әдебиеттер бөлімі

Кітапхананы пайдалану ережелері:

Сіз тек оқырман билеті болған жағдайда ғана кітапхана қызметтерін пайдалана аласыз;

фотосуреті жоқ оқырман билеті жарамсыз болып табылады;

оқырман билеті жоғалған жағдайда түпнұсқасы жасалмайды, жаңадан оқырман билетін ашу қажет;

егер сіздің аты-жөніңіз, тұрғылықты жеріңіз, жұмыс орныңыз өзгерген жағдайда,

кітапхананың қызмет көрсету бөліміне қосымша хабарлауыңыз қажет;

оқу залынан кітаптар мен газет-журналдарды рұқсатсыз шығарған үшін айыппұл салынады;

жыл сайын оқырмандар жеке куәліктерін көрсетіп, қайта тіркеуден өтеді.