2Жақсылық Байтұқбаев – 1952 жылы 13 тамызда дүниеге келген. 2009-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысының прокуроры, 1977-1981 жылдары Шар ауданында тергеуші, прокурор көмекшісі, 1992-2005 жылдары Семей, Шығыс Қазақстан облыстарының прокуроры қызметінде болды. Алматы, Қостанай облыстарының прокуроры жауапты қызметтерін абыроймен атқарды.
«Құрмет», «Даңқ» ордендерінің иегері, «Қазақстан Республикасының құрметті прокуроры» лауазымына ие.
Семей қаласы мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 30/202- VI шешімімен Семей қаласында заң және құқықтық тәртіпті нығайту ісіне сіңірген ерекше еңбегі, белсенді мемлекеттік және қоғамдық қызметі үшін генерал-майор Жақсылық Байтұқбаевқа «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Әдебиеттер:

Абыройға бөленгендер: (генерал-майор Ж. Байтұқбаевқа «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді) // Ертіс өңірі. – 2018. – 19 желтоқсан. – 11 б.
Қаланың құрметті азаматтары: Байтұқбаев Жақсылық Ысқақұлы //
https://akimsemey.gov.kz/content/view/3/1428