2Айбек Кәрімов Мүталапханұлы 1959 жылы Семей облысы (қазіргі ШҚО) Ақсуат ауданындағы Ерназар ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын институтты аяқтаған соң 1981 жылы Семей облысы Шар ауданы Громовка ауылындағы Киров атындағы совхозда зоотехник болып бастаған.
1982 жылы Шар ауданы, Киров атындағы кеңшарда зоотехник-селекционер болып бастайды. 1982-85 жылдары облыстық комсомол комитетінде нұсқаушы, Шар аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, облыс әкімшілігінің жастар ісі жөнідегі комитетінің төрағасы, 1995-2002 жылдарда Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының әкімі, облыс әкімінің орынбасары, Тарбағатай ауданының әкімі қызметтерін атқарған.
2008 жылы Ақсуат ауылының инвестициялық бағдарламалар үйлестірушісі, 2010 жылдың наурызынан 2011 жылдың қантарына дейін Шемонаиха ауданының, 2011-2015 жылдары Семей қаласының әкімі болып қызмет атқарды. Өмірден жиған тәжірибесі мен алған білімін еліміздің дамуына барынша жұмсап келе жатқан басшы, адал еңбегінің арқасында көпшілік қошеметіне бөленген жан. Қазіргі уақытта Алтай қаласының (бұрынғы атауы Зырян) әкімі.

Әдебиеттер:

Айтұлы Н. Айбек – ел азаматы // Ертіс өңірі. – 2011. – 16 ақпан. – С. 11_
Кәрімов А. Елбасы сенімін ақтау жолында халыққа қызмет істеймін = Сегізінші әкімнің серпінді қадамы = Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды = Әкімдердің ауысуы – заңдылық // Семей таңы. – 2011. – 26 қаңтар. – С. 1_
Мұхамадиұлы М. Ақылды басшы – елдің ырысы, халық оның тынысы // Семей таңы. – 2011. – 14 маусым. – С. 4
Тоққараұлы Д. Өмір жолы. – Алматы, 2012. – 164 -167 б.
Төлеуғалиев С. Ел басқару үшін елдің баласы болу қажет // Ертіс өңірі. – 2013. – 4 желтоқсан. – Б.