4 Нұрлан Сраилұлы Омаров 1957 жылы 16 мамырда Семей облысына қарасты Шар қаласында дүниеге келген. Саясаттанушы.
Қазақ политехникалық институтының тау-кен ісі факультетін, Новопокровск совхоз-техникумы механика бөлімшесін, қазақ саясаттану, менеджмент және болжау институтын бітірген.
1979-1981 жылдары «Алтайзолото» кең-байыту комбинатының Боко кенішінің (Семей облысы Жарма ауданы) шахта тау-кең ісінің шебері, инженер-технолог, Қазақстан ЛКЖО Семей облыстық комитетінің нұсқаушысы, Жаңа-Семей аудандық комитетінің бірінші хатшысы, партия комитетінің басшысы, Семей облыстық комсомол комитетінің 1-хатшысы, Қазақстан Жастар одағы Орталық Комитетінің 1-хатшысы, бірінші хатшысы болды.
Қазақстан Ресубликасы Президенті аппаратында бас нұсқаушы, мемлекеттік нұсқаушы, Қарағанды облысы және Алматы қаласында Президенттің өкілі облыс әкімінің орынбасары, 2004 жылдан Семей қаласының әкімі қызметтерін атқарды. Қазіргі уақытта «Семей машина жасау зауытының» бас директоры. XII шақырылған Қазақстан Жоғары Кеңесінің халық депутаты.
Бірнеше мемлекеттік нагрдалармен марапатталған. Семей қаласы мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 30/202- VI шешімімен экономика, әлеуметтік салаларды дамытуға сіңірген ерекше еңбегі, белсенді мемлекеттік және қоғамдық қызметі, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Н.С.Омаровқа «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Әдебиеттер:

Асылбек, Е. Дәлме-дәл статистика қала мәртебесін көтере түспек: Қала әкімі Н.Омаров өткізген ақпараттық кеңестен / Е. Асылбек // Семей таңы. – 2001. – 8 маусым. – Б. 2
Ахметов, Т. “ТВК-6” телеарнасының бас қонағы: қала әкімі Нұрлан Омаров . //
Ертіс өңірі. – 2004. – 9 қырк. – Б. 4_
Н.С. Омаровқа «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді) // Ертіс өңірі.
2018. – 19 желтоқсан. – 11 б.
Кашляк В.Н. Семипалатинск: От бургомистра до Акима. – Семей, 2007. – 199 с.. Семей .- 2007 . –С. 277 .
Шығыс Қазақстан облысы. Энциклопедия.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы»,2014.-Б.590
Сіздің кандидатыңыз // Ертіс өңірі . – 2012. – 11 қаңтар. – С. 5, 7, 10-11_
Омаров Н. Семей ертеңіне сенеді, бүгіні қандай? //Дидар. – 2006 . – 30 қыркүйек. – 5 б.
Омаров Н. Семей көрікті қалаға айналады // Дидар. – 2006. – 6 маусым. – 2 б.
Омаров Н. Семейдегі серпіліс: жалғасын табарына қала әкімі Нұрлан Омаров нық сенімді // Семей таңы. – 2004. – 12 қараша. – 1 б.
Омаров Н. “Семейдің еңсесі көтеріліп келеді” // Заман Қазақстан. – 2005. – 21 қазан. – 7 б.
Нұрлан Сраилұлы Омаров: электрондық ресурс // http://alashainasy.kz/omir/nurlan-srayyilulyi