61960 жылы Шығыс Қазақстан облысының Таскескен ауданында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының Ауыр атлетика федерациясының құрметті президенті. “Қайнар” және Еуразия нарық университетін бітірген.
1995-1998 жылдары “Бақты” кеден бекетін басқарды.
2001-2002 жылдары Семей қаласының әкімі қызметін атқарды. Қазқстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі хатшысының кеңесшісі, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің кеңесшісі, “Ақпараттық өндірістік орталық” директоры болып қызмет істеді.
2011 жылдан «Вокзал-Сервис» АҚ-ның президенті, Азия ауыр атлетика федерациясының вице-президенті, облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланған.
“Құрмет” ,”Парасат” ордендерімен, “Ішкі істер министрлігі органында 15 жыл қызмет еткені үшін”, “Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл” медальдарымен марапатталған.

Әдебиеттер:

Шығыс жұлдыздары. Энциклопедиялық анықтамалық.- Астана: «Фолиант» баспасы, Т. 2.-304 б.
Шығыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. – 758 б.
Тұрлыханов Қ. “Табиғаттың талаушысы емес, таянышы болуға тиіспіз” // Дидар. – 2004. – 10 сәуір. – С. 5_
Тұрғанбайқызы Г. Мақсат – қазақтың есімін әлем аренасында жаңғырту: сұхбат / Гулзина Тұрғанбайқызы // Жас алаш . – 2010. – 21 қаңтар. – С. 4
Тұрлыханов Қайрат Болатұлы: электрондық ресурс // https://kk.wikipedia.org/wiki