7Мәркен Жақияұлы 18 ақпан 1939 жылы Көкпекті ауылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қоғам қайраткері.
Ленин аудандық партия комитетінің 1-хатшысы, Семей қаласының партия комитетінің 2-хатшысы , Семей облыс әкімінің орынбасары, 1998- 2000 жылдар аралығында Семей қаласының әкімі қызметтерін атқарған.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Парламенті 2-және 3-шақырылымдарының депутаты болып сайланды. Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде мемлекеттік инспектор, ТМД-ның Экономикалық Кеңесінде Қазақстан Республикасының министр дәрежесіндегі Өкілетті өкілі қызметтерінде болған.
«Неведа-Семей» қозғалысының қолдаушысы болған Мәркен Жақияұлы тәуелсіз Қазақстанның саяси-әлеуметтік өміріне, Комсомол-жастар бригадасын құру, «Қала құрлысына-жастар қамқорлығы» бастамасын көтеру ісінде өзінің қайраткерлігімен танылды.
Абай, Шәкәрім кесенесін тұрғызуда да және Абайдың 150-жылдығын өткізу бойынша мемлекеттік мерейтойлық Комиссияны басқаруда іскерлік танытып, Семей қаласының гүлденуіне, әлеуметтік, мәдени аһуалының өсуіне зор үлес қосып, өзінің 25 жыл бойғы саналы ғұмырын партия және комсомол жұмыстарына арнап абыройға бөленген басшы.
«Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған. Семей қаласының құрметті азаматы.

Әдебиеттер:

Абдулқалықов, Ғ. Ұлым деген ел болмаса, елім деген ұл қайдан туады? [Текст] : Қала әкімі М. Шайжүнісовтің 60 жылдық мерейтойына орай мақалалар / Ғ. Абдулқалықов // Семей таңы. – 1999. – 18-24 ақп
Елі ерін ардақтады // Ертіс өңірі. – 2013. – 18 желтоқсан. – Б. 1
Талап. Еңбек. Терең ой // Үш анық. – 1999. – Б. 2
Тоққарин Д. Өнегелі өмір өрнегі. – Семей, – 2016.-203 бет
Шығыс Қазақстан облысы. Энциклопедия.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2014.-Б.795