Бутин Вячеслав Сергеевич 1948 жылы 24 мамырда Семей облысы, Көкпекті ауданы, Үлгілі-Малшы ауылында туған. 1963 жылы Семей құрылыс техникумына оқуға түсіп, аталмыш оқу орнын бітіргеннен кейін 1970 жылы Өскемен қаласындағы құрылыс-жол институтына студент болып қабылданады. Ал 1973-1976 жылдары Нобосібір құрылыс-инженер институтыныңда тәлім алса, 1992 жылы Қазақ менеджмент институты, экономика және бағдарлау бөлімінде оқыған.
Вячеслав Сергеевич еңбек жолын 1970 жылы Кеңес Одағының Армиясы қатарынан оралғанан кейін Қазақ соқырлар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорында технадзор жөніндегі бас инженерлігінен бастаған. Ал 1973 жылы июль-тамыз айларында Семей облысы, Шұбартау ауданы, Көктал совхозында құрылыс саласында мастер болды.
1976 жылы «Заводстрой» және Семипалатинскстрой трестерінде мастер болып қызмет атқарды. 1978 жылының ақпан айында Семей облысы, Шар ауданы Әуезов кентінде ПМК-3 Семипалатинсктяжстрой трестінде бас инженер, МВД қазақ ССР- нің Семей қаласындағы СМУ-7 бас инженер қызметтерін атқарды. 1982 жылдын ақпан – 1983 жылдын қараша айлары аралығында УПТК «Иртышэсстройда» басқарма басшысы болды. 1983 жылдын қарашасында Вячеслав Сергеевич Жана Семей ауданының атқару комитетінің төрағасылығына тағайындалды. Ал 1987 жылдын сәуір айында Семей қалалық атқару комитетінің бірінші хатшысы болып қызметін ауыстырды.
1992-1994 жылдары қала әкімінің бірінші орынбасары, 1994 жылдың маусым -1995 жылдың тамызы аралығында Семей қаласының әкімі болып қызмет атқарды. 1995 жылы облыс әкімінің орынбасары, 1997 жылдын мамыр – 1998 жылдын маусымы аралығында екінші мәрте Семей қаласының әкімі қызметінде болды. 1998-2002 жылдары Өскемен қаласының Кеден басқармасының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды.

Әдебиеттер:

Кашляк В.Н. Семипалатинск: От бургомистра до Акима. – Семей, 2007. – 199 с.