Қарақанов Исламбек Нұрбекұлы

Қарақанов Исламбек Нұрбекұлы 1958 жылы 1 наурызда Семей облысы, Бесқарағай ауданы, Семеновка ауылында дүниеге келген. 1989 жылы Қарағанды политехникалық құрылыс факультетін, Жапон мемлекетінде бизнес және менеджмент мектебін, 1992 жылы Мәскеу Халық шаруашылық басқару академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1980 жылы Қарағандыдағы политихникалық институтын тәмәмдағаннан кейін 1980 жылы Семей қаласындағы «Семятжстройда» мастерліктен бастап, 1981 жылы Кеңес Одағының Армиясы қатарына алынды. Әскер қатарынан оралған соң Семей қаласындағы «Железобетон тресінде мастер болып жұмысқа тұрды. 1983-1985 жылдары «Семипалатинсктяжстройда» мастер, ал 1986-1987 жылдары Гурьев қаласында «Гурьевнефтехимстройда» инженер болып ауысты.
1992 жылдың 23 наурызынан – 1994 жыл аралығында Семей қаласының әкімі болды. 1994-1998 жылдары Қарағанды қаласында Банк басқармасының филиал директорының кеңесшісі болды. 1998 жылы өзінің туған жеріне оралып Семей қаласынының әкімінің кеңесшісі, қалаға әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2006 жылы «Раптор Семей»Холдингнің президенті болып тағайындалды.

Әдебиеттер:

Кашляк В.Н. Семипалатинск: От бургомистра до Акима. – Семей, 2007. – 199 с.