«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы

Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.
2024 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ балалар жазушысы, ақын және сценарист.
Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев (15 қазан 1924 — 24 шілде 1991) кедей отбасында дүниеге келген. Білімге деген сүйіспеншілікті ағасы Сатылған сіңірген. 8 жасында анасынан айырылып, балалық шағынан бастап көп қиындық көрді, ауыр жұмысқа да, аштыққа да төзе білді. Бұл кезеңді «Балалық шаққа саяхат» (1960) әңгімесінде керемет суреттеген. Жергілікті мектепті тәмамдаған соң, әскерге аттанды.
Одан кейін, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтты және Мәскеудегі жоғары әдеби курсын оқып бітірді. «Қазақфильм» киностудиясында, «Қазақ әдебиеті», «Балдырған» газет-журналдарында редактор болып қызмет атқарған. Жазушылық жолын 1950 жылы жарық көрген өлеңдер жинағынан бастады. 1951 жылы келесі кітабы «Чемпион» повесі жарияланды. Бердібек Соқпақбаевтың ең танымал туындысы «Менің атым Қожа» хикаяты. Біл кітап Франция, Польша, Чехословакия, Болгария елдерінде басып шығарылып, әлемнің 68 тіліне аударылған. Оның сценарийі бойынша 1967 жылы «Менің атым Қожа» көркем фильмі түсіріліп, Канн халықаралық кинофестивалінде жүлделі орынға ие болды. Б.Соқпақбаевтың шығармалары көбіне жас балаларға арналған. Оны бала тәрбиесінің күрделі мәселелері үнемі мазалайтын. Жазушының «Он алты жасар чемпион» (1951), «Бақыт жолы» (1953), «Өзім туралы повесть» (1957) хикаяттары жасөспірімдердің ғана емес, ересек оқырмандардың да көңілінен шықты. Соңғы еңбектерінің бірі «Қайдасың, Гауһар?» атты махаббат туралы әңгімесімен, көптеген адамдардың жанын тербетті.
Ол 1952 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болған. Көзі тірісінде оны қазақ балалар әдебиетінің классигі атаған.