Автографы гостей библиотеки

 2011 жыл

95    Біз бүгін Абай атындағы әмбебап кітапханасындағы Манжибаева Жанылгүл Әділбекқызы мен Кайсина Орынкамал Долдашқызы қызмет істейтін бөлімнен сирек кездесетін жазба дерек көздерін көріп көп деректерге ие болдық.. Алыстан аңсап келген кітап қорын көріп көзайым болдық.. Бұл кітапхананың кітап қорының молдығы, мазмұнының байлығы, берер білімінің терендігі жағынанан ерекше орында екендігіне көзіміз жетіп, бұл кітапхананның болашақ ұрпақтарға білім беру жағынан ерекше маңыз алатындығына дән ризамыз.

Қытай Халық Республикасы.
Іле автономиялық облысы.
Құлжа қаласындағы Іле педагогикалық институтының профессоры

Жақып Жүнісұлы, Әбзәл Мүнерұлы.
2011 жыл 11 қазан.

96  Ұлылар мекені, Семей өлкесіндегі мұхит мұрасы – Абай кітапханасының ұжымына!

Құрметті әріптестер! Сіздер еңбек етіп отырған Ұлы Абай сусындаған қайнар бұлақтан мен де сусындадым. Өзімнің ғұмырыма, ұрпағыма азық боларлық нәр алдым. Соның нәтижесінде ел ордасы – Астана қаласынан «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығын аштым.

Абай туған өлке, Ұлылар өлкесі рухани байлығымен құнды. Құнарлы кәусардан сусындаған таланттарымен Семейдің аты бұл күнде дүйім жұртқа белгілі. Сіздер еңбек етіп отырған кітапхана Қазақстандағы тұңғыш ашылған кітапхана болғанымен ерекше құнарлы. Тарихи құндылық.

Абай кітапханасын басқарып отырған Роза Советханқызының ұжымына абыройлы еңбек, қажырлы қайрат тілеймін.

Жерлестеріңіз Алмахан Мұхаметқалиқызы.
Ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.
«Абайтану» орталығының директоры.

07.04.2011 жыл.

97

Абай кітапханасы Қазақтың Дешті-Қыпшақ даласының алтын тәжі!

Сол Тәждің қашанда аман болуын тілеген – Роллан Сейсенбаев 

ХХІ ғасыр
Amanat70@list.ru
16 сәуір 2011 жыл.

Беттер: 1 2 3 4 5 6 7