Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР-нің Абай атындағы  Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1980),   А.Фадеев атындағы  Халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма мүшесі, Ұлы Отан соғысының ардагері.

Абай атындағы сыйлыққа ұсынылған еңбектер

Әзілхан Нұршайықов -“Ақиқат пен аңыз” роман диалог үшін, 1980 жылы Абай атындағы сыйлыққа ие болған.

«Ақиқат пен аңыз» – Әзілхан Нұршайықовтың қаһармандық рухтағы шығармаларының бірі. Роман-диалог 1978, 1980, 2009 жылдары жеке кітап болып жарыққа шықты.

Бұл шығармада Ұлы Отан соғысының даңқты каһарманы, гвардия палковнигі Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасы мүсінделеді.