Қазақтың әдебиеттанушы ғалымы, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, қазақ театртанушысы және театр сынының негізін қалаушы, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері.
Абай атындағы сыйлыққа ұсынылған еңбектер
Рымғали Нұрғали- 1988 жылы- «Айдын», «Телағыс», «Қазақ революциялық поэзиясы» әдеби-сын трилогиясы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Абай атындағы сыйлыққа ие болған.
«Телағыс» – әдеби дәстүр және әдеби даму жайлы монография.
«Айдын» монографиясында қазақ драматургиясының жанрлық жүйесі сараланып, негізгі көркемдік-эстетикалық ізденістері көрсетіледі.
«Қазақ революциялық поэзиясы» еңбегінде Ұлы Октябрь Социалтистік революциясы шапағатынан туған қазақ совет әдебиетінің негізгі ерекшеліктері көрсетілген.