Жазушы, сыншы, драматург, аудармашы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Абай атындағы сыйлыққа ұсынылған еңбектер
Қалихан Ысқақов – “Ақсу – жер жәннаты” романы үшін, 1992 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Абай атындағы сыйлығына ие болған.
«Ақсу – жер жанаты» романы әрқилы адамдар тағдырынан сыр шертетін, бүгінгі күннің өзекті мәселелерін адам мен табиғат арақатынасы арқылы айшықтап, күн тәртібінен түспей келген экология мәселесін арқау еткен кең тынысты туындылар санатында. Романда күллі түркі жұртының киелі қонысы ретінде ел жадында сақталған Алтайдың табиғаты мен тағдыры, кешегісі мен бүгіні суреттеледі.