Қазақтың ақыны, журналист, және редактор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Журналистика академиясының толық мүшесі, Гуманитарлық ғылымдар академиясының құрметті мүшесі, (2004), Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының төрағасы.

Абай атындағы сыйлыққа ұсынылған еңбектер

Ұлықбек Есдәулет – “Киіз кітап” өлендер жинағы үшін, 2002 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Абай атындағы сыйлығына ие болған.

Ақынның бұл кітабына 1988-2000 жылдары жазылған ел мен жер, заман мен қоғам, табиғат пен махаббат туралы лирикалық, әлеуметтік-философиялық жыр-толғамдары енген.