Семей қаласының тұрғыны Ержан Амарханов «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының үшінші кезеңінде жеңімпаз атанды.

Ержан Омарханов Семей қаласының тумасы. Ержан төрт баласы бар үлкен жанұяның отағасы. Кәсіпкерлікпен айналысады және оған қоса балаларды грек-рим күресінен жаттықтырады.

2018 жылы Ержан өмірі түбегейлі өзгерді. Ол жанып жатқан автобустан 48 адамды құтқарып (олардың ішінде 12 бала болды) батырлық жасады. Тамыз айында «Семей – Новосибирск» рейсі 48 адам өмірін қиып кете жаздады. Бұл автобустың жолаушылары салонда өздерімен бірге Ержан Омархановтың келе жатқаны арқасында тірі қалды. Автобустағы түтінді дер кезінде байқаған ол бұл туралы жүргізушіге хабарлады. Алайда жүргізуші оған мән бермей, автобусты тым кеш тоқтатты. Ержанның автобус есігін сындырып ашуына тура келді. Жалын тез арада күшіне еніп, автобус ішіндегі кейбір жолаушылар иіс тиіп, естерінен танып қалды. Ең алдымен Ержан балаларды құтқара бастады. Өрт сөндірушілер өрт басталғаннан кейін 10 минуттан соң ғана келді. Бұл кезде Ержан барлық жолаушыны тысқа шығарып үлгерген еді. Айта кету керек, өрт кезінде барлық жолаушылар ұйықтап қалған. Алайда Ержанның батырлығы арқасында адам шығыны болған жоқ.

Ержан Амарханов қала шетіндегі Бобровка кентінің балаларын күреске баулып  үйретеді. Ол сабақты жергілікті мектептің спорт залында өткізеді, оның айтуынша, осы спорт түрімен айналысуға жағдай жоқ екендігін атап айтты.

Ержанның «Қазақстанның 100 тұлғасы» жобасындағы жеңісі оның алыс ауыл балаларына арналған спорт кешенінің құрылысы туралы арманын жүзеге асыруға көмектеседі деп үміттенеміз. Жақында батырдың отбасында қуанышты оқиға болды: Ержан Амархановқа Lancaster Group Kazakhstan акционерлері Берік Қаниев пен Юрий Пак өз компаниясының кеңсесінде Ержанмен кездесіп,  пәтер кілтін табыстады.

 

Әдебиеттер:

  1. Әділханқызы А. Ерлік жасаған Ержан// Ертіс өңірі, 2018.-22 тамыз.-Б.13
  2. Амарханов Ержан// https://100janaesim.ruh.kz/participants/2019
  3. Амарханов Ержан// https://www.zharar.com/kz/biography/