«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының Семей қаласындағы Батыс әскери қалашығының №35411 әскери бөлімінің қызметшісі, ефрейтор. Қанатов Қуандық «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының үшінші кезеңінде жеңімпаз атанды.

Қуандық Қанатов 2019 жылдың ақпан айында жанып жатқан үйдің тұрғындарын эвакуациялауға қатысып, Семей қаласының жатақханаларының бірінде болған өрттен 15 адамды құтқарып қалған.

Қызметі барысында өрт қауіпсіздігі бойынша алған біліктілігінің арқасында ерлік танытып, Қазақстан Республикасының наградасы – «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

  • Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрінің алғыс хаты;
  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасарының мақтау қағазы;
  • Семей қаласындағы Батыс әскери қалашығының №35411 әскери бөлімінің командирінен алғыс хаты;
  • Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының алғыс хаты;

 

Әдебиеттер:

  1. Қанатов Қуандық // https://100janaesim.ruh.kz/participants/2019/
  2. Гузееве М. Мужество – лучший критерий теории! // https://time.kz/articles/chastnyj/2019/02/15/muzhestvo-luchshij-kriterij-teorii
  3. Военнослужащий РгК “Восток” из Семея спас людей из пожара //
  4. https://ustinka.kz/kazakhstan/ust-kamenogorsk/51586.html
  5. В Семее военнослужащий спас 15 человек из горящего дома // https://semey.city/novosti-semeya/30710/