Құрметті пайдаланушылар!
Семей өлкесі түрлі тарихи оқиғалар мен атаулы күндерге бай өлке. Өңіріміздің тұнған тарихын Сіздерге таныстыру мақсатында назарларыңызға 2018 жылы Семей аймағында аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегін ұсынамыз.
2018 жылы ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл, Семей қаласының негізі қаланғанына 300 жыл. Семей топырағында дүниеге келген мерейгер танымал тұлғалардың, ақын-жазушылардың т.б аталып өтетін күндердің тізімі беріліп отыр.
[member]Қазақстанның көне мәдениет ошағы Абай атындағы әмбебап кітапханасы аймақтағы басты қор сақтау орталығы болып табылады. Кітапхананың алтын қорын құрайтын XVIII ғасырдың 2-ші жартысымен XX ғасырдың басын қамтитын баспа туындыларының біршамасы бүгінгі күні библиографиялық сирек кездесетін басылымға айналып отыр. XXI ғасырда да өзінің тарихи және ғылыми маңыздылығын жоғалтпаған сирек басылымдар қоры ерекше құнды.
Кітапхана қорларын электронды нұсқада жинау және сақтау мақсатында сандық жүйеге көшіру ісі атқарылуда. Қазақстан Республикасының Электронды Мемлекеттік кітапхана қорын құру жобасына сәйкес XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басын қамтитын сирек басылымдар сандық жүйеге көшірілді. Әдебиеттердің сандық жүйедегі нұсқасымен кітап қорын сақтау бөлімінде таныса аласыздар.
Сандық жүйедегі әдебиеттер тізімін ұсынып отырмыз