Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz

«Абай әлемі» кітап сериясы

Кітапханамыздағы «Абай әлемі» кітап сериясының жобасы «Рухани жағыру»  бағдарламасы аясында, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен жүзеге асырылуда.

Әдеби жоба дарынды жерлестердің мәдени және әдеби мұраларын сақтауға, жергілікті авторлардың үздік туындыларын жастар арасында кеңінен насихаттауға, патриоттық сезімді және туған жерге деген сүйіспеншілікті дамытуға бағытталған.

«Абай әлемі» кітап сериясы біздің облыстың белгілі авторларының, ақындардың, өлке зерттеушілерінің және өнер адамдарының жанры мен тақырыбы жағынан әр түрлі, бұрын жарық көрмеген немесе аз тиражбен шыққан шығармаларын біріктіреді.

Кітап сериясының басылымы бес жылға – 2018 жылдан 2022 жылға дейін жоспарланған. Жазушылар мен ақындардың шығармаларын бағалау және басып шығару жөніндегі кеңесті КСРО Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері Медеу Сәрсеке басқарады.

2018 жылы «Абай әлемі» жобасы аясында «Фолиант» баспасы жергілікті 10 автордың (А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, М. Әуезов, Т. Көбдіков, Әнші Әмре, Ф. Достоевский, М. Сәрсеке, М.Қабанбаев, Иванов А., Щербаков Б.) шығармаларын жариялады , 16 кітап көлемінде, жалпы таралымы 13689 дана.

«Абай әлемі» жобасы бойынша 2019 жылы «Фолиант» баспасынан 12 кітаптан тұратын жергілікті авторлардың кезекті шығармашылығы жарыққа шықты, оның ішінде: 3 жинақ (1 өлкетану және 2 жас ақын), жеке авторлардың  9 кітабы (Н.Баймұратов, Қ.Алтынбаев, Т.Әбдікәкімов, С. Черных, А.Қасымов, Б.Раисова, К.Ерқасов, М.Карт, Мещеряков А.), жалпы таралымы 6500 дана.

«Абай әлемі» жобасы бойынша 2020 жылы «Абайдың 175 жылдығына арналған» белгісімен «Фолиант» баспасы жергілікті авторлардың 22 кітабын шығарды, оның ішінде: 12 кітап (5 жинақ: абайтанушылардың зерттеулері (5 том), Абайдың ақын шәкірттері (4 том), «Шығармалар», «Құнанбай қажы»), жеке авторлардың 10 кітабы (А.Құнанбаев, Ш.Әбенов, Т.Әміренов, С.Әлімбетов, А.Жиреншин, Т.Жұртбай, Қ.Оразалин, А.Толғанбаев, Ж.Төленов, Щербаков Б.), жалпы таралымы 23000 дана.

 

Үйлестіруші: Батхолдина Майгүл Сейтқажықызы

Дамыту бөлімі

Тел.: 8 (7222) 52-38-87

e-mail: metodsemey@mail.ru