Алаш: электронды кітапхана

«Алаш» электрондық кітапханасы  http://alash.semeylib.kz/  –  «Алаш» автономиясының негізі қаланғанына және Алашорда ұлттық үкіметінің құрылғанына 100 жылдығына арналған жоба.

Электронды кітапхананың мақсаты – Алаш қайраткерлерінің барлық мұралары мен олардың шығармашылығы туралы басылымдарды, қазіргі заманғы алаштанушылардың ғылыми еңбектерін еліміздегі және шетелдердегі кітапханалар мен архивтерден, музейлер мен жеке авторлардың қорынан жинастырып, қазақ және орыс тілдерінде цифрлы нұсқада Интернет пайдаланушыларына кеңінен ұсыну, ақпаратқа қолжетімділігін арттыру.

Электронды кітапханада Алаш қозғалысының тарихы, Алашорда үкіметінің құрылуы мен қызметі, Алашорда үкіметінің мүшелері, Алашорда оқу комиссиясының мүшелері, Алаш қозғаласының белсенді қайраткерлері мен олардын есімімен аталатын  нысандар мен белгілер жайлы ақпараттар рет-ретімен орналастырылған.

«Алаш» мәліметтер қорында еліміздің және шетелдердің  кітапханалары, музейлері мен архивтері қорынан алынған 1500-ге жуық Алаш қайраткерлері шығармаларының, олар туралы жазылған ғылыми еңбектерінің, республикалық, облыстық, қалалық мерзімді басылымдар беттерінде жария көрген мақалалардың толық мәтіні кірістірілген. 300-ден аса Алашорда қайраткерлері жайлы құжаттардың түп нұсқалары мен көшірмелері орыналастырылған.

Жоба бойынша атқарылған шаралар Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылды. Мәтінді көшіру, басып шығару т.б. әрекеттер жасау мүмкіндігі берілмеген. «Алаш» электронды кітапханасының  қоры алдағы  толықтырылып отырады.

Байланысшы: Адикаева Рахиля Хажиахметқызы

Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі

Тел.: 8 (7222) 52-43-07

e-mail: ibo.bibliotekaabaya@yandex.kz