Би шашу клубы

Егде адамдарға арналған «Би шашу» әуесқойлар клубы дүйсенбі күндері 14:00–16:00 сағат аралығында ашық.

Мақсаты: оқырмандардың бос уақыттарын тиімді пайдалануына, жүріс-тұрыстарын түзеуге жағдай жасау және өз-өздерін еркін ұстауға дағдыландыру. Оқырмандардың салауатты өмір салтын ұстауына жағдай туғызу. Сабақтың түрлері: әңгімелесу, билеу, жеке және топтық кездесулер. Қатысушылар: «Ретро-танцы» әуесқой бишілер тобы, шеберлік кластарын өткізуші бишілер, колледж студенттері, үй шаруасындағы адамдар, зейнеткерлер, үйірмені жүргізуші кітапхана қызметкерлері. Клубтың төрағасы: Ковбота Таисия Петровна, «Ретро-танцы» әуесқой бишілер тобының жетекшісі.

Байланысшы: Мальцева Ольга Феодосьевна

Кітапхананы дамыту бөлімі

Тел.: 8 (7222) 52-38-87

Email: metodsemey@mail.ru